03 ақп, 2022 сағат 18:31

Бейжің-2022: Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу бәсекесі өтті


Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу бәсекесі өтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир ережесіне сәйкес, іріктеуде алғашқы ондыққа енген спортшылар финалға жолдама алады. Қалған қатысушылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды. 

Алғашқы сында жарысқа қатысқан отандастарымыздан Олеся Граур (57.18 ұпай) 23-орынды иеленсе, Аяулым Әміренова (66.82 ұпай) 16-орынға жайғасты. Ал Анастасия Городко жарысты соңына дейін аяқтай алған жоқ.

Осылайша, қазақстандық спортшылар іріктеудің екінші айналымында сынға түседі. Екінші кезең 6 ақпанға жоспарланған. 

ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК