Бүгін Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта әйелдер арасындағы бәсекелер өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған спорт түрінен Екатерина Айдова, Надежда Морозова ел намысын қорғайды.
Қазақстан атынан сынға түскен Айдова аталған қашықтықты 1:59.01 секундта жүгіріп өтіп, әзірге алтыншы орында келеді.
Ал Надежда Морозова әлі жарыс жолына шыққан жоқ.
Сондай-ақ 13 ақпанда Айдова 500 метр қашықтықта, ал 17-сі күні 1000 метр қашықтықта өнер көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Екатерина Айдова 2022 жылы Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан Туын ұстап шыққан болатын.