Фото: Nobel Prize
Бейбітшілік саласындағы 2023 жылғы Нобель сыйлығы ирандық құқық қорғаушы Наргиз Мохаммадиге бұйырды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.
Наргиз Мохаммади – әйелдер құқығын қорғау және өлім жазасын алып тастауды жақтаушылардың бірі.
Ол Иранда бірнеше рет қамауға алынып, қазіргі кезде «мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүргізді» деген айыппен ұзақ мерзімге сотталып, түрмеде жазасын өтеп жатыр.
Мохаммади – 2003 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Ширин Эбади басқаратын адам құқықтарын қорғау орталығы директорының орынбасары.
Ол сондай-ақ Ирандағы ұлттық бейбітшілік кеңесінің атқарушы комитетінің төрайымы болып сайланды.