15 сәу, 2024 сағат 11:16

Бес облыста республикалық маңызы бар 11 жолда көлік қозғалысы шектелді


Фото: Zakon.kz


15 сәуір сағат 09:00–дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың еруіне байланысты 3 облыста жалпы ұзындығы 5280 метр 9 учаскеде еріген судың жол жиегінен шығып кету оқиғалары тіркелген (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы), — деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.


"Еліміздің 5 облысында (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы) ұзындығы 421 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 11 жолда көлік қозғалысы шектелді", — делінген мәліметте.


Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 523 адам жұмыс істеп жатыр.