Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Алматы агломерациясының солтүстік белдеуіндегі Алматы қаласының 4 серіктес қаласының бірі Гейт ситидегі «Береке» индустриалды аймағының құрылысымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет басшысының бірінші орынбасарына ондағы инженерлік инфрақұрымының жүргізілу барысын «Алатау» АҚ директоры Б. Тәкенов айтып берді. Оның айтуынша, Гейт ситидегі индустриалды аймақтың аумағы 383,3 га. Бүгінгі күнге мұнда 20,2 шақырым сумен қамту, 60,4 шақырым электрмен қамту, 10,2 шақырым газбен қамту жүйелерімен қаматамасыз етілген. 10 шақырымнан астам жол төселген.
Индустриалды аумақта 5 кәсіпорын, атап айтқанда, ресейлік «Эко Культур» АҚ мен «Гринхауз Казахстан» ЖШС-ның екі жылыжай кешені, германиялық «Бауман ГМБХ и К» компаниясының ет өңдейтін кешені, «Немиш Пфарма» ЖШС фармацевтикалық кәсіпорын, «Френч Фриес Компани» компаниясының картоп өсіретін кешені орналасқан.
Бірінші вице-премьер А. Мамин: «Қаланың инфрақұрылымы дайын, Қазір индустриалды аймағы, тұрғын аумағы, логистикалық аймағы игерілу үстінде. Мемлекет тарапынан инвесторлар тартуға барлық қажетті жағдайлар жасалды. Енді инвесторлар тарту ісімен белсенді айналысу керек», - деді қорытынды сөзінде.