Фото: ашық дереккөзден
Биыл - қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Қаламгердің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қаламгердің 100 жылдығы тойлана бастады. Бердібек Соқпақбаевтың туған ауылы Нарынқолда еңселі ескерткіші бой көтереді. Сондай-ақ жазушының есімі бірқатар саябаққа, білім ошағы мен облыстық кітапханаға белілмек.
Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. «Менің атым – Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» туындыларында өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді», - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, еліміздің руханиятына өшпес мұра қалдырған жазушының 100 жылдығына арналған алғашқы шара Алматы облысында бастау алды.