13 мау, 2021 сағат 13:25

Бельгия құрамасының қорғаушысы Еуро-2020 матчында көз ұясын екі рет сындырып алды


Ағылшындық «Лестер» клубының 25 жастағы қорғаушысы Тимоти Кастань Еуро-2020-дағы алғашқы матчтан кейін Бельгия құрамасынан кетеді, деп хабарлайды Nieuwsblad.

Еске сала кетейік, В тобы аясында Бельгия Ресейді 3:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. 

Кастань матч кезінде «Зениттің» жартылай қорғаушысы Далер Кузяевпен соқтығысып қалды. Осыдан кейін Тимотиге көз ұясының қосарланған сынуы диагнозы қойылды.

Өткен маусымда Кастань «Лестер» үшін барлық турнирде 34 кездесуге қатысып, онда екі гол және төрт нәтижелі пас берген болатын. Оның клубпен келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жасалған және трансфер бағасы 28 миллион еуроға бағаланған.

Еуро-2020 топтық кезеңнің екінші айналымында Бельгия құрамасы Дания командасымен кездеседі. Матч Копенгагенде (Дания) бейсенбі күні өтеді.