03 қар, 2025 сағат 10:45

Белгілі тележурналист Азат Рыстанбек өмірден өтті

Фото: 24kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі танымал тележурналист, деректі жобалардың авторы Азат Рыстанбектің өмірден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Азат Рыстанбек ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телерадиокорпорациясында қызмет етіп, отандық журналистиканың дамуына зор үлес қосты. Ол тарихи сана мен ұлттық жадыны жаңғыртуға бағытталған мазмұнды жобалар әзірлеп, тың деректі фильмдер мен репортаждар жасады.

Журналистің шығармашылық мұрасында «Алтайдан Анадолыға», «Русафа: Маңызды миссия» сияқты деректі жобалар, сондай-ақ Бухенвальд пен Цайтхайн секілді тарихи орындардан түсірілген материалдар ерекше орын алады.

Министрлік мәлімдемесінде:

«Өзінің кәсіби білімі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас буынға үлгі бола білген ардақты азаматтың жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген хабарламада.