"Атырау облысында құран оқып бергені үшін ақша бопсалаған имам қызметінен айырылды. Бұл мәліметті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері растады", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Айта кетейік, осыған дейін Белгілі тележүргізуші Мейрамбек Таубалдиев анасын Атырау облысындағы ауылдағы имам құдаймен қорқытты деп мәлімдеген болатын. Ол Ганюшкин селосындағы "Темірəлі" мешітінің діни қызметкері оның анасын құдаймен қорқытып, дөрекі хабарламалар жазғанын айтқан. Нағашы əжеміздің жылдық асын өткізген анам қаумалаған тума-туыстардың бабын табам деп жүріп, Құран оқуға келген имамды естен шығарып алса керек! Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосындағы мешіттің имамы жазыпты! ", - деп жазған еді Мейрамбек Таубалдиев.
Ал енді Құрманғазы ауданында тұратын Сәрсенбай Кенжебаевтың бұл ісі имам әдебіне жатпайтыны айтылып отыр. "Жуырда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылының молдасы Сәрсенбай Кенжебаев тарапынан дін қызметкеріне лайықты емес әрекет орын алды. Бұл туралы әлеуметтік желілер мен кейбір сайттарда жазылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы оқиғаға байланысты дереу тексеру жұмыстарын жүргізді", - делінген ҚМБД хабарында.
Текстерістен әйел адамнан ақша бопсалап, дөрекі хаттар жолдаған молда Сәрсенбай Кенжебаев болып шығыпты. Ол 2012 жылы 30 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылына уақытша молда қызметіне тағайындалған екен.
"Сәрсенбай Кенжебаев "Дін қызметкерінің этикасы" құжатында көрсетілген талаптарды сақтамағаны, өзіне жүктелген діни қызметті дұрыс орындамағаны үшін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының 2017 жылдың 10 қаңтардағы бұйрығы негізінде қызметінен босатылды", - делінген ҚМДБ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
естен шығарып алса керек! Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосындағы мешіттің имамы жазыпты! ", - деп жазған еді Мейрамбек Таубалдиев. Ал енді Құрманғазы ауданында тұратын Сәрсенбай Кенжебаевтың бұл ісі имам әдебіне жатпайтыны айтылып отыр. "Жуырда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылының молдасы Сәрсенбай Кенжебаев тарапынан дін қызметкеріне лайықты емес әрекет орын алды. Бұл туралы әлеуметтік желілер мен кейбір сайттарда жазылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы оқиғаға байланысты дереу тексеру жұмыстарын жүргізді", - делінген ҚМБД хабарында. Текстерістен әйел адамнан ақша бопсалап, дөрекі хаттар жолдаған молда Сәрсенбай Кенжебаев болып шығыпты. Ол 2012 жылы 30 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылына уақытша молда қызметіне тағайындалған екен. "Сәрсенбай Кенжебаев "Дін қызметкерінің этикасы" құжатында көрсетілген талаптарды сақтамағаны, өзіне жүктелген діни қызметті дұрыс орындамағаны үшін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының 2017 жылдың 10 қаңтардағы бұйрығы негізінде қызметінен босатылды", - делінген ҚМДБ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.