Фото: instagram.com/eldos_kalabok
Желіде "Елдос Колобок" лақап атымен танымал блогер, әзілкеш әрі асаба Елдос Қадырханов әке атанды. Сүйінші жаңалығын ол Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
"Аллаға шүкір! Сүйінші! Қош келдің, ұлым. Біз ата-ана болдық, ағайын", - деп жар салды желідегі оқырманына блогер.
Айта кетейік, ерлі-зайыпты блогерлер Елдос пен Таңшолпан тоғыз жылдан кейін алғаш рет сәбилі болып отыр.
