Белгілі ақын Әнуар Омар 39 жасқа қараған шағында дүние салды.
Әнуар Омар - «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша екі рет лауреаты, Халықаралық Абай клубы әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы әдеби клубының төрағасы. «Шаги проникновения» жыр жинағының авторы.
Әнуар Омар Ғалымұлы 1979 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келген. 2005 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология факультетінің «Кітапханатану. Библиография» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2001 жылдың желтоқсан айынан бастап орталықтандырылған қалалық кітапхана жүйесінде жұмыс жасаған.
2004 жылдың желтоқсан айынан – ҚР Ұлттық академиялық кітапханада аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасаған.
2007 жылы «Вечерняя Астана» газетінің мәдениет және спорт бөлімінде тілші қызметін атқарған.
2009 жылдың ақпан айынан бастап – «Республика.KZ» газетінің бас редакторының орынбасары.
2010 жылдан –«Литер» газетінің тілшісі.
2011 жылы – «Целина» газетінің бас редакторының орынбасары және «Деловой вторник» газетінің шеф редакторы.
Ол 2012 жылдан бастап «На страже» газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген болатын.
Ұлт порталы ұжымы ақынның мезгілсіз қазасына орай, отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтады. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!