21 қаз, 2025 сағат 11:08

Бектенов азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды

Фото: Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр телефон және интернет- алаяқтық жағдайлары көбейіп жатқанына және олардың дені шетелдік нөмірлердің және ұлттық жүйемізде тіркелмеген құрылғылардың көмегімен жасалатынына назар аудартты, деп хабарлайды Ult.kz.

«Жасанды интеллект және Ішкі істер министрліктері осындай заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою жұмыстарын күшейтуі қажет. Деректер базасынан  азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керек. Мұндай талап  мемлекеттік органдармен қатар, қаржы ұйымдарына, мобильді операторлар мен жеке бизнеске де қатысты болуы тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр.