03 там, 2021 сағат 20:48

Байсейітов спортшылардың психологиялық дайындығы туралы айтты


Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов Токио Олимпиадасында спортшылардың психологиялық дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біздің спорт – жекпе-жек. Онда әрбір спортшы – жеке тұлға. Біреу қатты күйіп кетуі мүмкін, біреу оңай қабылдайды. Үрей болады. Кейде бұл пайдалы болуы мүмкін, бірақ адам қатты күйіп кетсе, қайда екенін ұмытып, тез сөнуі мүмкін. Бұл да нәтижеге ықпал етеді», - деді Бақтияр Байсейітов Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингіде. 

Оның айтуынша, барлық жағдайға, спортшылардың психологиялық дайындығына талдау жасалады. 

«Әрине, жоспар бойынша қалай жұмыс істейміз, қандай қателіктерді жою керектігін федерациямен бірге талдаймыз», - деді Бақтияр Байсейітов. 

Бұған дейін бас бапкер 87 келі салмақтағы Нұрсұлтан Тұрсыновтың төрешілер қателігінен жеңілгенін айтқан еді. 

Оның айтуынша, Нұрсұлтан жасаған әдіс бағаланбай қалды. Төрешілер оған екі ұпайды бергенде, Нұрсұлтан жеңіске жетер еді.