Алматыдан Арыс тұрғындарына жиналған гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктердің алғашқы легі аттанды. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек Instagram-дағы парақшасында жазды, – деп хабарлайды ҰлтАқпарат.
«Біздің күшіміз - бірлікте! Алматылықтардың көмегі тиелген жүк көліктердің алғашқылары аттанды» деп жазды шаһар басшысы.
Естеріңіге салайық, бұған дейін Алматы қаласының әкімі қалалық кәсіпкерлердің де үн қосқанын жеткізіп, қазір қажетті құрылыс материалдары ж(шатыр, штукатурка қоспасы, эмульсия, пиломатериал, терезе, есік т.б.) жиналып жатқанын айтқан болатын.