24 қаз, 2025 сағат 15:17

Баян Мақсатқызы мемлекеттен жоғары марапатқа ие болды

Фото: Instagram.com

Танымал продюсер, режиссер және тележобалар авторы Баян Мақсатқызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды, деп хабарлайды Ult.kz.

Баян Мақсатқызы бұл қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті:

«Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Бүгін менің анамның арманы орындалды — мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атандым! Бұл жоғары марапатты мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның қолынан алу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік! Отанға қызмет етемін!» – деп жазды ол.


Тоқаев Республика күні қарсаңында бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.