Фото: ©ҚФФ
Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан карьерасын болгариялық "Левски" сапында жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметі бойынша, футболшымен софиялық клуб бапкері Станимир Стойлов байланысқа шыққан екен. Маман Бауыржан Исламханды Қазақстан құрамасынан бері жақсы таниды. Сонымен қоса, Стойлов "Астананы" жаттықтырған уақытта да Исламхан астаналықтардың басты қарсыласы "Қайратта" ойнаған.
Еске салайық, Бауыржан Исламхан 2020 жылы қанынан допинг табылғаны үшін екі жылға футболдан шеттетілген еді. Биыл оның жаза мерзімі аяқталады да, футболшы алаңға ресми түрде орала алады.