06 ақп, 2024 сағат 18:22

Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушысы оқ жарақатын алды


Фото: aikyn.kz

Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушысы оқ жарақатын алды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан Полиция департаменті оқиғаның Ақжайық ауданында болғанын хабарлады. 30 жастағы ер адам абайсызда мектеп оқушысын атқан. Жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аудандық білім бөлімі 3 ақпанда 17 жастағы 11-сынып оқушысы ағасымен аңға шыққанын хабарлады. Сол жерде ол жарақат алған.

"Оқиғаның қалай болғанын білмейміз, бірақ атқаннан кейін бытыра көзі, беті және мойнына тиген. Оқушы тірі. Ата-анасының шағымы жоқ", - деп түсіндірді Білім басқармасы.

Аудан әкімі аңшылықта кәмелетке толмаған бір бала болғанын, қалғандарының барлығы ересек адамдар екенін түсіндірді. Аңшылардың қару қолдануға рұқсаттары болған.