11 қар, 2021 сағат 20:07

Баскетбол: Қазақстанның қыздар құрамасы Азия кубогының жартылай финалына шықты


Қазақстанның баскетболдан әйелдер командасы Иордания астанасында өтіп жатқан «Б» дивизионының командалары арасында 2021 жылғы Азия кубогының ширек финалында Сириядан келген команданы жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7-13 қараша аралығында Амманда «Prince Hamza Arena» стадионында әйелдер командалары арасында баскетболдан Азия кубогының бірінші дивизионына жолдама беретін ойын өтіп жатыр, оған Қазақстанның ұлттық құрамасы қатысады.

Жеребе бойынша, Қазақстан құрамасы «Б» тобына түсіп, онда біздің команда Индонезия мен турнир иесі – Иордания құрамасынан ұтылды. 

«А» тобында Ливан, Иран және Сирия командалары арасында тартыс басталды. 

Сирия құрамасын жеңгеннен кейін Қазақстан құрамасы Азия кубогының «Б» дивизионының жартылай финалына шықты. 

Енді бірінші дивизионға жолдама үшін тартысты жалғастырады. 

12 қарашада жартылай финал ойындары өтеді, біздің баскетболшылар Иордания құрамасымен қайта ойнайды, матч елорда уақытымен 23:00-де басталады. 

Әйелдер арасындағы баскетболдан Азия кубогы – 1965 жылдан бастап екі жылда бір рет ФИБА Азия қолдауымен өткізілетін Азиядағы әйелдер ұлттық құрамалары арасындағы баскетболдан ең беделді халықаралық турнир.