Елордалық «Барыс» шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогының иегері атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Барыс» финалда Қарағандының «Сарыарқа» командасымен кездесті.
Алғашқы он минутта елордалық клуб қарсыластар қақпасына үш шайба соғып үлгерді. Оны Кертис Волк - 4, Егор Шалапов - 6, Мэттью Фрэттин 9-минутта өзінің еншісіне жазды.
Одан кейін «Сарыарқа» сапынан Степан Грымзин - 10, 23, Сергей Голоднюк 18-минуттарда мергендік танытып, таразы басын теңестірді.
Ал «Барыс» хоккейшілері Якоб Лилья 33, Даррен Диц 39, Егор Петухов 49, Роман Старченко 59-минуттарда қақпаны дәл көздеді.
Осылайша елордалық клуб қарсыласын 7:3 есебімен жеңіп, кубокқа ие болды.
Екінші орын «Сарыарқаға» бұйырса, үздік үштікті Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасы түйіндеді. Ал өскемендік «Торпедо» төртінші орынды місе тұтты.