«Барыс» хоккей клубы қақпашы Никита Бояркинмен келісімшарт жасағанын ресми түрде хабарлады. Екіжақты келісім екі жылға (2023 жылғы 30 сәуірге дейін) есептелген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Никита Бояркин – Қарағанды хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. Бүкіл мансабын «Сарыарқа» жүйесінде өткізген.
Өткен маусымда Бояркин өз командасына Қазақстан чемпионатының алтын медальдарын жеңіп алуға көмектесті.
Никита Pro Ligasy-де 45 кездесу өткізіп, соның 33-ін жеңіспен аяқтаған.
Кейінірек Бояркин элиталы дивизиондағы әлем чемпионаты жаңалықтарының біріне айналған.
Никита Қазақстан Ұлттық құрмасының құрамында алғаш рет қатысып, Латвиядағы турнирде алты жарыстың төртеуін жеңіп шыққан, бұл ретте шайбаның 92,9 пайызын соққан.