08 там, 2021 сағат 17:40

"Барселона" президенті Мессидің қай клубқа ауысатынын айтты


"Барселона" клубының президенті Жоан Лапорта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Пари Сен-Жермен" футбол клубының ойыншысы болатынын ресми түрде растады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Алтын доптың" алты дүркін иегері, аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Францияның "Пари Сен-Жермен" клубының ойыншысы болады, деп мәлімдеді Испанияның "Барселона" футбол клубының президенті Жоан Лапорта.

Бейсенбіде "Барселона" еркін агент болған Мессимен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеген еді. 

"Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ Месси ПСЖ-ға ауысады", - деді Лапорта.

"Камп Ноу" стадионында болған баспасөз мәслихатында Лионель Месси көз жасын тыя алмады.

Лионель Месси "Барселонада" 2000 жылдан бері ойнап келеді және 2003 жылдан бері негізгі құрамда өнер көрсеткен. Ол Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогі мен Суперкубогінде 7 реттен, Чемпиондар Лигасында 3 рет, Еуропа Суперкубогінде және клубтық ӘЧ-де 3 рет чемпион атанған.