Фото: ашық дереккөз
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстанда дропперлікке қарсы жаңа қылмыстық норма күшіне енді. ҚР Қылмыстық кодексі 232-1-баппен толықты, деп хабарлайды Ult.kz.
Жаңа бапқа сәйкес, банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оларды беру не алу, сондай-ақ банк картасын сыйақы үшін үшінші тұлғаларға тапсыру — дропперлік ретінде танылады.
Бұл тәсіл көбіне интернет-алаяқтардың ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруы үшін қолданылады.
Жазалау шаралары:
-
айыппұл салудан бастап;
-
мүлікті тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Мамандардың айтуынша, жаңа заң азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін күшейтуге, кибералаяқтықпен жүйелі түрде күресуге және цифрлық ортадағы қылмыстық топтардың жолын кесуге бағытталған.
