Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Балқашта су деңгейі тағы 8 сантиметрге көтерілді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр.
"Бұған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен. Бүгінде бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді. Осылайша, жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді", - деп жазылған хабарламада.
Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін 4 гидробекетте: Сарышаған, Қарақұм, Балқаш, Мыңарал бақылау жүргізіледі.
"Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды. Каспий теңізіне тағы 200 млн текше метр су жіберілді. Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.