16 нау, 2018 сағат 11:17

"Баланың әкесі де, анасы да онымен бірге тұрмайды" - Зағипа Балиева

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева  зорлыққа ұшырады делінген 7 жастағы оңтүстікқазақстандық бала отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде әкелері олармен бірге тұрмайды. Қайда екендігін де ешкім білмейді. Баланың туу туралы куәлігінде әкесі жазылған, анасы да бірге тұрмайды. Сенімхат 2017 жылдың желтоқсанынан әжесі мен тәтесінде бар және олар баланың заңды өкілі саналады. Бала олармен үш айлық кезінен бірге тұрады», - деді Зағипа Балиева Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, әжесі мен тәтесінде баланың құқығын қорғауға қажетті барлық құқық бар.

«2017 жылдың желтоқсанынан анасының сенімхаты бойынша әжесі мен тәтесі баланың заңды өкілі болып табылады. Егер бүгін олар өздеріне жауапкершілік алатын болса, онда олардың толық құқықтары бар. Өйткені, аталған сенімхатта балаға қатысты міндеттер мен құқықтардың барлығы жазылып, анасы қол қойған және нотариус куәландырған. Олар ОҚО Сарыағаш ауданына қарасты Абай елді мекенінде жеке пәтерде тұрады», - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.