"Қатын азған заман ба? Қатынды аздыртқан заман ба?" - деп сұрақ қояды блогер Рабиға Медет әлеуметтік желідегі өз парақшасында.
Рабиға Медет Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген ананы қатаң сынға алды. Айтуынша, қазір не болса, соны сылтауратып, баласын манипуляция құралына айналдырған аналар көбейді. Тіпті "пособия" алып отыру үшін туатындар саны да көбейгенін тілге тиек етті.
"Тоғыз ай құрсағында көтеріп, өмірге әкелген екі баласын тұншықтырып, өлтірген ана, қандай жан күйзелісте болуы керек? Қандай ренішке булығып ашынуы керек?
Байын құдайдай көріп, "кетсең өлем" дейтін қатындар, "көзіме шөп салдың" деп, балаларын балконнан лақтыратындар, "жігітім тастап кетті" деп, суицид жасайтын қыздар, әкесі қыздарын зорлағанын біле тұра, үндемейтін шешелер, "үйленбедің" деп, қоқысқа, әжетханаға нәрестені тастайтындар…
Бұл не?
Қатын азған заман ба?
Қатынды аздыртқан заман ба?
Надандықты қалай жеңеміз? Баланы зат, меншік, манипуляция, “пособия” құралы ретінде қабылдайтын қоғамда бала өлімі, зорлығы азаймайды!" - деп түйіндеді блогер.