Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Салқанұлы Жамалов, облыстық ІІД-нің ЖПҚ Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция полковнигі Қуанышбек Жақсылықұлы Қалжановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Спикерлер республикалық «Бала-құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндігі туралы баяндады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек»,- деп атап көрсетіп, келесі 2019 жылы «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды.
Облыста атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 19- 30 қараша аралығында республика көлемінде «Бала-құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік басталды.
Онкүндіктің барысында барлық аудандар мен Тараз қаласында Құқықтық білім күні, жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы, қоғамдық қабылдаулар, балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктері көшбасыларының слеті, семинарлар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акциялар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшыларымен, мәслихат депутаттарымен кездесулер, ата-аналар, ҮЕҰ, балалар үйлерінің, интернаттық мекемелердің тәрбиенушілерінің, еріктілер топтары мүшелерінің қатысуымен кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылады.
Мақсаты – білім беру ұйымдары оқушыларының құқықтық мәдениетін, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру. Сонымен қатар, облыстардағы балалардың сапалы білім, медициналық қызметті алуына, қоғамдық өмірге араласуына, қауіпсіз ортада жеке өміріне құқығын жүзеге асыруына және әртүрлі қызмет саласында өздерінің құқықтарын пайдалануына мүмкіндіктері бар.
Балалар – қоғамдық бірлестіктер мен балалар ұйымдарының белсенді көшбасышылары, балаларға арналған жобалар, форумдар және іс-шаралар арқылы өз пікірлерін сүйіспеншілікпен ортаға салып және олардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу және білім беру органдары мен ұйымдарының сайттарында орналастыру, БАҚ-та жариялау, фильмдер мен бейне роликтердің көрсетілімін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні облысымызда 0-18 жас аралығында 419965 бала болса, (2017 жылы - 414730) олардың 1448-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (2017 жылы - 1562):
-1069-ы (2017 жылы-1106) Тараз қаласы мен аудандардағы қорғаншылық пен қамқоршылықтағы балалар;
-145-і (2017 жылы-145) патронаттық тәрбиеде;
-17 отбасы үлгісіндегі балалар үйінде 67 (2017 жылы - 63) бала;
-2 қабылдаушы отбасыларында 9 бала тәрбиеленуде.
-Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінде –83 (2017 жылы-117);
-«Үміт» бөбектер үйінде – 18 (2017 жылы-24);
-Облыстық жасөспірімдер үйінде -70 жасөспірім тіркелген (нақты тұрып жатқаны 45 адам), оның 27-і кәмелетке толмағандар (2017 жылы - 69);
-№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында-30 бала тәрбиеленуде(2017жылы-27).
Облыста 2015-2018 жылдар аралығында 17 отбасылық үлгідегі балалар үйі және 2 қабылдаушы отбасы ашылды. (2015 жылы - 10, 2016 жылы – 1, 2017 жылы – 2, 2018 жылы -2 отбасы үлгісіндегі балалар үйлері және 2 қабылдаушы отбасы).
2018 жылы балалар үйінен 81 бала (асырап алынды-2, патронатқа –30, қамқорлыққа – 25, отбасы үлгісіндегі балалар үйіне - 7, туған отбасыларына - 17) отбасылық тәрбиеге орналастырылды.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері соңғы үш жылда 156 баладан 83 балаға кеміді.
Бала санының азаюына байланысты Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі мен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын біріктіріліп, Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы құрылды.
Патронаттық тәрбиеде 145 бала бар. Патронаттық тәрбиені дамытуға 2018 жылы 123 млн. 552 мың теңге бөлінді (2017 жылы – 112 млн. 940 мың теңге).
2015-2018 жылдар аралығында Мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекте тұрған 300 балаға пәтер берілді.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі тәрбиеленушілеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан 99 түлекке тұрғын үй берілді:
Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығыны бойынша 2018 жылға 2 млрд 162 млн 30 мың теңге қаражат бөлінді (оның ішінде тамақтандыруға 1 млрд 568 млн 938 мың теңге, киім-кешекпен қамтамасыз етуге239 млн 891 мың теңге, сауықтыруға 42 млн 479 мың теңге).
Ағымдағы жылы облыста 826 сауықтыру лагері мен демалыс алаңдары жұмыс істеді (373 мектеп жанындағы тамақтандырумен ұйымдастырылған лагерьлер, 453 демалыс алаңдары мен лагерьлер жұмыстарын атқарды. Оның ішінде 10-ы қала сыртындағы балалар сауықтыру лагерьлері).
Биылғы жазғы сауықтыру демалысына жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 1471-і қамтылды.
Облыста балалар үйлері түлектерін бюджеттік негізде 100 пайыз арналулы және жоғары оқу орындарына орналастыру үрдісі қалыптасқан. Биылғы жылы балалар үйлерін бітіріп шыққан 21 түлектің 1-еуі Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орнына, 4-і Алматы қаласына, 16-ы Тараз қаласындағы колледждерге оқуға түсті (2016 жылы-20 түлек).
Облыстық жасөспірімдер үйінде 70 жасөспірім тұрады. Жасөспірімдер үшін барлық жағдай жасалған.
Балалар мен жасөспірімдің арнаулы мектебінде 11 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер тәрбиеленеді. Бүгінгі күні онда 23 бала оқумен және тәрбиемен қамтылған.
Тәрбиеленушілердің жеке қабілетін ашу мен дамыту мақсатында білім мекемесінде түрлі үйірмелер, спорттық секциялар, «Изостудия», «Ритм» музыкалық студиялары жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Облыста 4 арнайы түзету мектеп-интернаттары (саңырау және нашар еститін, соқыр және нашар көретін, қимыл-тірек аппараты бұзылған, ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған), 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялары мен 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, 1 Оңалту орталығы бар.
2018-2019 оқу жылында 7911 мүмкіндігі шектеулі баланың 6286-ы (80%) оқумен және тәрбиемен қамтылған.
Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында 2687 профилактикалық іс-шаралар (кеңестер,дөңгелек үстелдер, конкурстар, конференциялар, семинарлар, тренингтер және т. б.) өткізілді.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау және көмек көрсету мақсатында бірыңғай Call–center «111» нөмірі туралы ақпарат облыстық білім басқармасының ресми сайтында орналастырылған.
2018 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны – 104 (2017 жылы-124), кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс саны –121 (2017 жылы-119), 54 бала жауапкершілікке тартылған (2017 жылы – 54 бала). Соның ішінде, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында құқықбұзушылық жасағандар жоқ.
2018 жылдың 10 айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 139 тен 116 фактіге яғни 16,5%-ға төмендеді.
Бүгінгі күні облыста 162 мектеп инспекторлары (Тараз қаласы – 56, Байзақ – 13, Жамбыл – 11, Жуалы-8, Қордай-16, Меркі-15, Мойынқұм-5, Т.Рысқұлов -12, Талас-7, Сарысу-5, Шу-14) жұмыс істейді.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 5 қазанында облыстық білім басқармасы Жамбыл облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімімен бірлесіп «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы» тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырды.
Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол салу оқиғаларының алдын алу мақсатында 2016-2017 жылдары облыс әкімдігінің білім басқармасы республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, ЮНИСЕФ жобасы бойынша 200 педагог-психологты 3-кезеңді оқытуды ұйымдастырды.
Жобаны іске асыру үшін оқу-тренинг жұмыстарына 8160,0 мың теңге қарастырылған. Нәтижесінде осы жобаны кезең-кезеңімен енгізуді жүзеге асыратын 58 мастер-тренер дайындалды.
Облыстағы 933 білім мекемелерінің 882-де (94,5%) бейнебақылау камералары орнатылған, оның ішінде 446 мектептің 425-де (95,3%), 353 балабақшаның 345-де (97,7%), 66 мектептен тыс мекемелердің 53-де (80,3%) (мемлекеттік), 49 колледждің 47-де (95,9%)(25- мемлекеттік, 22-мемлекеттік емес), 9 облыс интернаттардың 7-де (77,8%) және 10 қала сыртындағы лагерьлерінің 5-де (50%).
2018 жылдың 20 тамыз мен 20 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп» республикалық акция өткізіліп, жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде тиісті жұмыстар ұйымдастырылды.
Ата-аналар арасында «Өз балаңды сақта!» ұранымен жиналыстар ұйымдастырылып, бүгінгі таңдағы өзекті мәселе болып тұрған балалар педофилиясы, отбасындағы зорлық-зомбылық салдары туралы ақпараттық-түсіністік жұмыстары жүргізілді.
Қоғамның балаларды ақпараттың теріс әсерінен, оның денсаулығына зиян тигізетін насихаттаудан қорғауға назарын аударту мақсатында облыстың білім беру ұйымдарында «Қауіпсіз интернет», «Компьютер және балалардың денсаулығы», «Баланың интернет желісіндегі қауіпсіздігі» тақырыптарына сынып сағаттары, дәрістер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Барлық білім беру мекемелерінде көңіл көтеру ресурстары мен әлеуметтік желілерге қолжетімдікке шектеу жүйелері орнатылған.
Балалардың құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар білім басқармасының бақылауында болады.
Білу керек бір ақпар
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ – да «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» қабылданды.
1959 жылы 20 қарашада – БҰҰ – ның Бас Ассамблеясына «Балалар құқығы» декларациясы қабылданды.
1989 жылы «Бала құқығы туралы» конвенциясы қабылданды.
1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямызды қабылдадық.
2002 жылы 8 тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңы қабылданды.