© Photo: ЕЭК баспасөз қызметі
Бүгін Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағынтаев 2022 жылғы 1 маусымнан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министр) болып жұмыс істеді.
Бұған дейін Қазақстанда бірқатар жоғары мемлекеттік лауазымды атқарған, оның ішінде Премьер-министр және Алматы әкімі болған.
Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес ЕЭК алқасының төрағасын жоғары кеңес ротациялық негізде төрт жыл мерзімге тағайындайды. Ротация ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің атауы бойынша орыс әліпбиінің тәртібімен кезекпен жүзеге асырылады.
Бүгіннен бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысына кірісті.
ЕЭК Алқасының мүшелері (министрлері) :
ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян;
ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян;
ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолұлы;
ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий;
ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов;
ЕЭК кеден ынтымақтастығы министрі Эльдар Әлішеров;
ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев;
ЕЭК интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев;
ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Фото: eec.eaeunion.org