03 мам, 2017 сағат 12:43

Бақытжан Сағынтаев «Шелл» компаниясының өкілдерімен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Роял Датч Шелл» концернінің Геологиялық барлау және өндіру бөлімшесінің директоры басшылық еткен «Шелл» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кездесу барысында Қашаған, Қарашығанақ және Каспийдегі мұнай-газ жобаларының ағымдағы іске асырылу жұмыстары, сонымен қатар «Шелл» компаниясының «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне жаһандық серіктес ретінде қатысу мәселелері талқыланды.

Анықтама:

«Шелл» концерні - әлемнің ең ірі энергетика компанияларының бірі, Қазақстанға 90-жылдары келген. Қазіргі таңда компания геологиялық барлау, мұнай мен газ өндіру, көмірсутектерді тасымалдау және мұнай өнімдерін өткізумен айналысады.