Сыртқы саудадағы кедергілер жойылды. Бұл туралы халық алдында есеп беруі барысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомство басшысы келіссөз жүргізу барысында Министрліктің бір жыл жұмысы ішінде ЕАЭО аясында саудадағы 16 кедергіні жоюға қол жеткізгенін айтты. Сонымен қатар, Қазақстанның «Кедергі сипаттары туралы өтінішті» ЕЭК-да қарау мерзімін 3 айға дейін қысқартуға қол жеткізілді. Бұрын осы процесс жыл бойы созбалаңға салынатын.
Оның сөзіне қарағанда, сертификаттау мәселесі өте маңызды. Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде сериялық өнімнің шығу орны туралы сертификат жүйесін енгізуге қол жеткізілді. Енді қазақстандық экспорттаушыларға, мысалы, сүт өніміне әр экспорттық айран партиясына сертификат алып керегі жоқ.
«Қазіргі кезде көршіліс Өзбекстанмен техникалық реттеу мен сәйкестікті бағалауда мүдделерді түйістіру мәселесін пысықтап жатырмыз. Біз Ташкентті Орталық Азиядағы негізгі серіктес және ірі нарық ретінде қарастырамыз», - деді министр.