Фото: 1bol.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ресейлік «Динамо» (Мәскеу) футбол клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың ресми парақшасына сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.
Клуб Зайнутдиновтың трансферін креативті бейнежазбамен жариялады. Онда «А әрпінен басталатын қала – Жамбыл, яғни Тараз. Себебі бұл қалада жылы, бұл қалада "Динамоның" жаңа ойыншыларының бірінің үйі бар. Бұл кім? Жақында білесіздер!» – деген сілтемелі жазу бар.
27 жастағы жартылай қорғаушы Ресей футболына бөтен емес. Ол:
-
«Ростов» сапында – 35 матч,
-
ЦСКА құрамында – 83 матч өткізген.
Ал Түркияның «Бешикташ» командасында өткен маусымда жарақатына байланысты небәрі 9 ойынға қатыса алды.
Бұл трансферге бапкерлік фактор да әсер еткені белгілі. «Динамоның» қазіргі бас бапкері Валерий Карпин бұған дейін Бахтиермен «Ростовта» бірге жұмыс істеген. Ол Зайнутдиновты команда сапында қайта көргісі келетінін ашық айтып жүрген болатын.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл – легионер футболшының мансабындағы жаңа кезең. Зайнутдинов Мәскеуде өзін дәлелдеп, ұлттық құраманың намысын жоғары деңгейде қорғауды жалғастырады деп күтілуде.
