30 сәу, 2024 сағат 23:18

Бағдат Мусин - еліміздің бас цифровизаторы


Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды. Ult.kz Бағдат Мусиннің 3 жылда қол жеткізген жетістіктерін тізбектеді.

  • Бағдат Мусин цифрлы құжаттарды енгізді, оларды халық арасында: ұшақтарда, поездарда, банктерде, ХҚКО-ларда пайдалану аясын кеңейтті. 
  • EGOV брендке айналды, шетелге тарап, экспортқа шықты. Egov экспорт өніміне айналды. EGOV-ты монополиясыздандыру цифрлы қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің танымал қосымшаларына және т.б. шығарды.
  • Барлық Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда бұлтты құжат айналымын енгізу елді цифрландыруды дамытудағы маңызды кезең болды. Бірегей платформа - QazTech платформасының іске қосылуын атап өтпеуге болмайды. 
  • ХҚКО-ға құжаттандыру қызметі үшін терминалдар мен постаматтар енгізілді. 
  • 100-ге жуық проактивті мемлекеттік қызмет енгізілді. 
  • 90  мемлекеттік деректер базасының бірегей базасы - smart data ukimet.
  • Проактивті қызметтерді дамыту Бағдат Мусинге тиесілі маңызды нәтиже. 
  • Отбасы цифрлы картасы іске қосылды, ол мақсатты түрде қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Ал оның Қазпоштадағы, Бас прокуратурадағы, ІІМ-де планшеттер сияқты ауқымды жобаларды іске асыру да бірегей. 
  • Стартаптар жаңа драйвқа ие болды және Астана хаб типтес өңірлік хабтар ашылды. Өткен жылы Мусин бастамасымен Кремний алқабының орталығында Silkroad innovation hub ашылды.