Фото: facebook.com
Кеше Алматыға келген танымал америкалық топ Backstreet Boys солисі Қазақстанға келгендегі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Ult.kz.
Backstreet Boys тобының әншісі Александр Джеймс Маклин Instagram парақшасында Қазақстанға алғаш рет келгенін айтып, толқып тұрғанын жеткізді.
"Біз діттеген жерге жеттік. 32 жыл ішінде әлемнің барлық түкпірінде болдық деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ бұл біздің Қазақстанға алғашқы келуіміз және біз мұнда келгенімізге шексіз қуаныштымыз. Елді зерттеп, әртүрлі адамдармен жүздесіп, екі ғажайып концерт өткізуді асыға күтіп жүрміз. Сабырлықпен күткендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Біз бұл мүмкіндікті ешқашан жіберіп алмас едік және толқып жүрміз. Өзімізді шынайы бақытты сезінеміз. Бізді құшақ жая қарсы алғандарыңыз үшін рахмет. Кешкі кездесуді асыға күтеміз — бұл ұмытылмас оқиға болмақ, — деді ол.
Айта кетейік, Backstreet Boys Қазақстанға гострольдік сапармен келіп отыр. Танымал топтың Алматыдағы концерт — 19 қыркүйек 2025, Орталдық стадионда өтеді. Ал Астанадағы концерт — 21 қыркүйек 2025, Astana Arena-да өтеді деп жоспарлануда.
Бұған дейін америкалық поп-әнші және актриса Дженнифер Лопес келіп екі қаламызда концерт қойған болатын.
