Фото: ANDREJ ISAKOVIC/AFP via Getty Images
Қазақстандық жеңіл атлет Надежда Дубовицкая Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Басты фавориттердің бірі саналған Дубовицкая биіктікке секіру жарысында үшінші орынды місе тұтты. Оның ең үздік нәтижесі - 1.86 м.
Жеңімпаздар тұғырындағы екі орынды Өзбекстаннан келген спортшылар Сафина Садуллаева мен Светлана Радзивил иеленді.
Сондай-ақ, бұл сайыста бақ сынаған тағы бір қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова 4 орынды місе тұтты. Оның көрсеткіші - 1.84 м.
Айта кетейік, биылғы Азия ойындарында Надежда Дубовицкая Қазақстан бокс құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновпен бірге ту көтеріп шыққан еді.