Таеквондодан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия федерациясы президентінің кубогында жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Сәуле Сардарова шәкірттерінің еншісінде бір алтын медаль бар. Естеріңізде болса, жарыстың алғашқы күнінде Жансель Дениз (73 келі) финалда иорданиялық спортшыдан басым түсіп, жеңімпаз атанды.
Осылайша Дениз Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына жеке жолдама жеңіп алды.
Бүгін, 12 наурызда, даянгқа Қазақстанның ерлер құрамасы шығады.