15 нау, 2022 сағат 02:23

Азия чемпионаты: Қазақстандық жас боксшылар 22 медаль иеленді


Иорданияда бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста қазақстандық ерлер құрамасы 22 медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

22 медальдің 6-ы «алтын», 7-і күміс және 9-ы қола жүлде. 

Жасөспірімдер арасында Айдар Қадырхан (52 кг), Төрехан Сабырхан (57 кг), Ахмет Үсен (63 кг) және Санжар-Али Бегалиев (66 кг), ал жастар арасында Егор Егоров (71 кг) пен Темирлан Мұқатаев (86 кг) алтыннан алқа тақты. 

Күміс жүлдені Мухаммед-Әли Жанболат (75 кг), Аслан Елдібайулы (+80 кг) сынды жасөспірімдер, ал жастар арасынан Алмат Абдуали (51 кг), Ислам Советов (67 кг), Даулет Төлемісов (75 кг), Сұлтанбек Айбарұлы (80 кг) және Ердос Шарипбек (92 кг) жастар арасындағы бәсекеде бағы жанды.

Қола медальды жасөспірімдер Бексұлтан Боранбек (48 кг), Бек Жолдасбек (50 кг), Сұлтан-Бейбарыс Абылаев (54 кг), Алексей Хаванцев (60 кг) және Мадияр Бексултанов (80 кг), жастар арасында Бахтияр Анарбаев (57 кг), Акбар Бисарев (60 кг), Мадияр Тайпаков (63,5 кг), Тимофей Поташов (+92 кг) иеленді.