Отандасымыз Айбек Оралбай Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында алтын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құрлықтық додада 92 келіде сынға түскен Айбек финалда өзбекстандық Мадияр Саидрахимовтың осал тұсын тапты. Осылайша, ел құрамасының қоржынына үшінші «алтынды» салды.
Айта кетейік, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Асланбек Шымбергенов Азия чемпионы атанған.
Ал, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) күміс медальді қанағат тұтты.
Енді шаршы алаңға Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) шығады. Оның қарсыласы – өзбекстандық Лазизбек Муллажонов.