Көркем гимнастикадан Тайландтың Паттая қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Адиля Тілекенова екінші жүлдесін алды, деп хабарлайды olympic.kz.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, Тілекенова ұршықпен жаттығу сайысында 17.450 ұпай жинап, Азия біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізді. Бұл сында бас жүлдені 17.850 ұпай жинаған қытайлық Ятинг Жао жеңіп алса, қола медальді жапониялық Рурико Шибаяма қанжығасына байлады.
18 маусымда ашылған Азия чемпионатына бірқатар қазақстандық көркем көркем гимнастикашылар қатысуда.