15 нау, 2018 сағат 09:30

Әжейді немересімен бірге полицияға күштеп жеткізді – баланың өкілі

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғары сынып оқушылары зорлады деген жеті жасар баланың ресми өкілі Құрманғазы Мүсір баланы әжесімен бірге Шымкент — Алматы бағытындағы пойыздан түсіріп алып, ОҚО ішкі істер департаментіне жеткізген полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен, Құрманғазы Мүсір кәмелетке толмаған баланың, оның отбасы мен әжесінің ресми өкілімін. Алматыда тәуелсіз сот-медициналық сараптамадан өтуді жоспарлаған едік, алайда ІІД бастығы Дәлбековтың басқаруындағы полиция зардап шегушілерді (әжейді баласымен – ескерт.) еркінен тыс ІІД ғимаратына жеткізіп, оларға өздеріне түсініксіз құжаттарға қол қоюға мәжбүрледі. Менің кәмелетке толмаған сенім білдірушімді қайда жеткізгені жайлы жақ ашпай отыр", — деп хабарлады Мүсір. 

Ал облыстық ІІД қызметкерлері оларды пойыздан баланың қауіпсіздігі үшін түсіріп алдық деп отыр.  

Полицияның мәліметінше, ІІД-ге отбасы, балалар мен жастар істері басқармасынан зардап шегуші баланы оның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру туралы өтініш түскен.