30 мау, 2025 сағат 16:37

Әзербайжан Ресеймен барлық мәдени шараларды тоқтатты

Фото: Радио 1

Әзербайжан Ресеймен жоспарланған барлық ресми және мәдени шараларды доғарды. Бұл шешім Екатеринбургтегі полиция рейдтері кезінде екі әзербайжан азаматының қаза табуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Ult.kz.

Әзербайжан тарапы Ресейдің құқық қорғау органдары әзербайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткенін мәлімдеді.

2025 жылғы 27 маусымда Екатеринбург қаласында полиция әзербайжан азаматтары тұратын пәтерлерге рейд жүргізіп, нәтижесінде екі адам қаза тауып, бірнешеуі ауыр жарақат алған, ал тоғыз адам ұсталған.

Осы оқиғаға байланысты Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Ресей елшілігінің уақытша сенімді өкілін шақыртып, қатты наразылық білдірді. Министрлік оқиғаның толық зерттелуін және кінәлілердің жауапкершілікке тартылуын талап етті.

Осыдан кейін Әзірбайжан тарапы Ресейдің әртістері мен мәдени ұйымдары қатысатын мәдени шаралардың бәрін тоқтататынын мәлімдеді.

Ресми мәлімдемені Әзірбайжанның мәдениет министрлігі таратты. Онда бұл шешімнің себебі ретінде «Ресейдің құқық қорғау органдары тарапынан Екатеринбург қаласында әзірбайжан ұлтының өкілдеріне қарсы жасалған қасақана, мақсатты және сотсыз зорлық-зомбылық пен кісі өлтіру әрекеттері» көрсетілген. Әзірбайжан билігі мұндай жағдайлар жиілеп, үнемі қайталанып бара жатқанын да атап өтті.