Фото: ТАСС
Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров Ақтау түбінде болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған болатын.
Әуе компаниясы апатқа ұшақтың бір топ құстарға соғылуы мүмкін болғанын айтты.
Баку-Грозный бағытындағы J2-8243 рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатты жағдайда қонды.
Ұшақ құстар тобымен соқтығысуы мүмкін болды деген болжам бар.
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.
Ұшақта 6 қазақстандық болғаны аталып өтті.