«Азаматтық бақылау – чекті талап ет» жыл сайынғы акциясы 12 мамырдан бастап өткізілуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтемемен.
Акция шеңберінде азаматтар фискалдық чектің берілмеуіне және банктік картаны қабылдаудан бас тартуға қатысты бұзушылықтар туралы хабарлай алады.
«Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясына барлық адамдардың қатысуына болады. МКК барлық жолданған өтініштерді мемлекеттік кірістер органдарында қаралатынын айтты.
App Store және Play market-тен «Wipon» мобильді қосымшасын тегін жүктеу арқылы фискалдық чектің берілмеуі және банктік картаны қабылдаудан бас тарту фактілері туралы хабарлауға және бұзушылық фактілері расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (1000 теңге) алуына болады.
Акцияны жүргізу басталғаннан бастап ағымдағы жылы азаматтардың хабарламалары бойынша 4262 бұзушылық фактілері расталды, оларға 4262 млн теңге сомасында сыйақы төленді (оның ішінде қайта чек бермеген 191 кәсіпкерлерге 6,5 млн. теңге айыппұл салынды).
Акцияны пайдаланатын азаматтардың белсенділігі бойынша көшбасшылар үштігіне Маңғыстау (1 113), Солтүстік Қазақстан (1 016) және Қарағанды облысының (993) тұрғындары кіреді.
Чек бермеу бойынша бұзушылықтар санының көшбасшылары Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Батыс Қазақстан облысы болып табылады.
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өз азаматтық ұстанымын білдіруге, заң бұзушылыққа төзбеушілігін көрсетуге және «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырады.