Астанада «SarapTime» клубының кезекті отырысы өтіп, оған саясаттанушылар, жергілікті билік өкілдері, сарапшылар қатысып, қоғамдық кеңестердің мемлекеттік билік жүйесіндегі ролі мен орнын талқылады.
Жиынға қатысқан Мәжілістің IV-V шақырылым депутаты болған Айгүл Соловьева қоғамдық кеңеске қатысты заңда жетілмеген тұстар бар.
«Заңда қоғамдық кеңес қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық талқылауларды өткізуге бағытталғаны туралы айтылады. Бірақ онда сараптамалық нормативтік-құқықтық актілер жасалуы керектігі айтылады. Сараптау бұл кәсіби қызмет. Ол қоғамдық кеңеске жатуы мүмкін емес. Бұл олардың жауапкершілігіндегі нәрсе емес» деді Айгүл Соловьева.
Сондай-ақ, Айгүл Соловьева жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы бойынша жергілікті мәселелерді сайланбалы мәслихаттар арқылы жұртпен қарым-қатынас жасап шешуге болады. Ал, қоғамдық кеңес құру дегеніңіз, биліктің төртінші тармағын қалыптастыру деген сөз екенін де атап өтті.
Abai.kz