Петиция қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысында утильсбор, өндіріс, қазақ балаларының оған бейімдеу туралы айтылды. Жиынға қатысушв Allur компаниясының білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңесшісі Айгүл Ахметова қазіргі білім саласындағы ең күрделі мәселелерді сөз етті.
«Мен көтерейін деген мәселе — білім саласы, білім сапасы. Сіздер Өзбекстан, Кореяны айтып отсыздар. Мен жақында Кореяға барып келдім. 30 жыл ішінде локолизация толық болса, олар білім саласын бірінші күннен дамытқан. Мен өзім Сәтбаев, Ахмет Байтұрсынов атындағы университетте жұмыс істеймін. Білім саласы өндірістің қажеттілігінен өте алыс. Соны ешкім көтермейді. Жалпы ақша, қаражат, салық деп жатырмыз. Мен де қарапайым қазақ қызымын, мен де халықты ойлаймын. Базарда жүрген қазақ балаларын көрсем, жүрегім ауырады. Инженерлік сөздік жатыр ғой, біреуін алып қарамадыңыздар.Осының барлығы қазақша болса, инженерлік техника тілі де түсінікті болады. Әлихан Бөкейханов осыдан жүз жыл бұрын айтып кеткен «Соқасыз, шалғысыз қазақ болмайды. Барлығыңыз бірігіп, завод ашыңыздар» деген. Енді жақсы-жаман болса да заводымыз бар ғой. Бірақ неге өскелең ұрпақты соған қарай бейімдемейміз? Неге сіздер ақшаны ғана айтасыздар? Неге министрлік өкілдері капиталды айтпайды? Осы саясатты қолға алу керек қой», — деді Айгүл Ахметова.