Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррелдің (8-0, 7 КО) соққыларынан зардап шегуі бапкерлер кінәсінен болды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Notifight.com шолушысы Людо Саенс осындай пікір білдірді.
"Санаттағы айырмашылық, физикалық параметрлер Айдостың пайдасында емес еді. Қазақстандық андердог есебінде болды. Жалғыз басымдығы осы еді. Осыны біле тұра оның командасы жоспар құрмады. Рингте өз орнын жақсы білетін Моррелге қарсы ол ештеңе дайындамағаны көрініп тұрды. Ербосынұлы - нағыз жауынгер. Оның ерік-жігері мықты екен. Ол соңына дейін шыдады. Бір жақты таяқ жегені оның кінәсінен болған жоқ. Бапкер үнемі бақылап отырып, жекпе-жекті қашан тоқтату керегін біледі. Бұл жерде қазақстандықтың бапкері осы сәтті жіберіп алды. Енді маңыздысы денсаулыққа зиян келмеуі. Айдос өзін бір ай, жарты жыл, жыл өте қалай сезінетінін айту қиын.
Сонымен қоса, төрешілер жұмысына қатысты да айтып өткім келеді. Жекпе-жек бір жақты өтіп жатқанын көре тұра, ал боксшы өзін түсініксіз сезініп тұрса, жекпе-жекті тоқтату қажет. Адамның өмірі қымбат", - дейді Саенс.
Еске салайық, қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) супер орта салмақта (76,2 келіге дейін) кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жұдырықтасып, 12-раундта ауыр нокаутқа түскен еді.