Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде өз позициясын жақсартты, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
WBC рейтингінің жаңартылған нұсқасында суперорта салмақта Айдос Ербосынұлы 12-ші орыннан 11-ге көтерілді.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы желтоқсан айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Сол кезде ол Гана боксшысы Исса Самирді (19-1,16 КО) нокаутқа жіберген еді.
Ербосынұлы WBC Asia, WBA International және WBO Global үш чемпиондық титулға ие.
Былтыр Айдос Ербосынұлы екі жекпе-жек өткізіп үлгерді.
Исса Самирмен жұдырықтасудан бөлек, шілде айында Нигерия тумасы, неміс боксшысы Нуху Лавальмен (27-8, 15 КО) айқасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен.
Биыл Ербосынұлы әзірге рингке шыққан жоқ.