Фото: ашық дереккөз
Айдана Меденова YouTube желісіне видео жариялап, оқырмандарына маңызды шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Осыдан біраз жыл бұрын сахнамен қоштасып кеткен әнші осы жылдар арасында көптеген қиындықты бастан кешіргенін жеткізді. Күйеуі Алишер екеуі шоу-бизнестен кеткен соң, түрлі жұмысты істеп көрген. Кейбірінде табысқа жетсе, кейбірінде жолдары болмаған.
Сондай-ақ әнші әкесінің қазасынан кейін ән айтуға деген қалауы сөніп қалғанын жеткізді және оның хиджабқа қатысы болмағанын айтты. Бұл 3 жылға созылған. Ал енді ол сахнаға қайта оралуға шешім қабылдаған.
"Әр нәрсе өз уақытында деп ойлаймын. Біреу түсінер, біреу түсінбес, бірақ шындық осы. Мен ол кезде ән айтуды қаламадым. Бар уақытымды рухани дамуға, өзіме, жанұяма, денсаулығыма арнағым келді. Енді мен сахнаға ораламын. Өзіме, әндеріме, шығармашылығыма ораламын. Бәлкім көп концертке қатыспаймын. Өзіме келетін форматтарда бой көрсетсем деймін. Ол ұзату тойы болуы мүмкін, мемлекеттік концерттер болуы мүмкін. Өзімнің жанрымда, өзіме ұнайтын әндерімді орындасам деймін. Шығармашылығымды жалғастырамын", - деді ол.
