18 мау, 2024 сағат 10:53

Айбек Смадияров сыпайылықты қалай түсінеді?

Фото:lada.kz

"Мен сізге сыпайы жауап берейін бе?" - брифингке кешігіп келген Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров тілшінің сұрағына осылай жауап берді. 

17 маусымда Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингке Айбек Смадияров жарты сағатқа кешігіп келіп, журналистірді күттіріп қойды. 

Сөйте тұра, тілшілердің сұрағына мысқылмен жауап берді:

"Мен сізге өзіңіз сұрағандай сыпайы жауап берейін бе?" - деді Смадияров журналистердің біріне.
Өз кезегінде журналист ыңғайына қарай жауап бере беруін айтып еді:

"Мына жерде не жазылып тұр? Ал мына жерде ше?" - деп қолын қабырғаға нұсқай бастады. Сосын: "Сыртқы істер министрлігі деп жазылып тұр. Тергеу функциясы Ішкі істер министрлігіне қарайды", - деді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің бұл әрекетін сыпайылыққа жатқыза аламыз ба?