18 қаң, 2023 сағат 11:52

Аяз әлі де сақталады - Қазгидромет

 Сурет: pixabay

Қазгидромет синоптиктері 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыс кең антициклон Қазақстанның синоптикалық жағдайына әлі де өз әсерін сақтап, ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек елдің шығысында, солтүстік-шығысында қар жауады.

"Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді, түнде және таңертең аяз сақталады, бірақ күндіз күн жылына бастайды", - делінген хабарламада.