16 қаң, 2023 сағат 12:05

Аяз әлі де сақталады - Қазгидромет

Фото: volynnews.com

Қазгидромет мамандары алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен елдің бүкіл аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында қар мен боран болады. Отырықшы антициклон және арктикалық ауа массалары температура фонында күрт өзгерістер тудырмайды: аяз әлі де сақталады", - делінген хабарламада.