17 қыр, 2021 сағат 18:04

Ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды


Алматы облысының полициясы қазақстандық ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Алматы облысының Полиция департаменті дерек бойынша ҚР ҚК-ның 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Ауыр атлетика федерациясы спортшы қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Дереккөз мәліметінше, Альберт Линдер өз-өзіне қол салған. Басқа деректер әлі белгісіз.

Альберт Линдер 25 жаста, Талдықорған қаласының тумасы. Ол жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы, Азия Чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған.